Amanat партиясының Павлодар облыстық филиалы Ертіс-Баян өңірінің рухани өміріне тың серпін беретін «Ұрпаққа аманат» жобасына мұрындық болуда.

Күй – тарихтың үні, жыр – халықтың жүрегінде қалған сөз. Бұл жоба – бабадан қалған асыл мұраны, күй мен жырды ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған тағылымды бастама.

Жоба тұсаукесерінің алғашқы қонақтары: Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облысындағы өкілі, ақын, жазушы Серік Елікбай мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, Павлодар облысы музыкалық колледжінің қазақ ұлттық аспаптар бөлімінің меңгерушісі Өркен Қайыргелдіқызы.

Домбыраның қоңыр әуені мен жырдың терең мағынасы тоғысқан «Ұрпаққа аманат» күй және жыр кешіне сіздерді де шақырамыз.

Өтетін орыны: Кривенко көшесі, 25А

Өтетін күні, уақыты: 19 қаңтар, сағат 17:00-де.

Добавить комментарий