Құрметті оқырман! Шуақты Көктемнің шырайлы мерекесі, шұғылалы мейрамы құтты болсын! Асыл әжелерімізді, ардақты аналарымызды, аяулы әпке-қарындастарымызды, қадірлі жеңге-келіндерімізді, сыйлы құрбыларымызды, ерке сұлуларды, қылықты аруларды құттықтай отыра, жан арайын төккен нәзік жанды, қайсар рухты ару-аналардың шығармаларын өздеріңізге тарту етеміз. Қабыл алыңыздар!

Наурыздағы қыс

Таңқалдырып батпақ жолды жаралап,

Боран ұйытқып талды жатты сабалап.

Селдей сілкіп құбылды күн наурызда,

Көлде жүзген аққулардай дала аппақ.

       Теңселеді тебіреніп құба бел

       Көрінбейді топырағы көп қара жер.

       Мінезіне тосырқаған самалдай,

       Тына қалып ызыңдайды қара жел.

Өтіп жатыр өткінші жел өңменнен,

Тамшы тамып сүйріктер тұр тербелген.

Жөңкіледі желмаядай желдіріп,

Жал-жал болып көлгін сулар белдермен.

Шолпан БАЙҒАЛЫ,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Пікір үстеу