Құрметті оқырман! Шуақты Көктемнің шырайлы мерекесі, шұғылалы мейрамы құтты болсын! Асыл әжелерімізді, ардақты аналарымызды, аяулы әпке-қарындастарымызды, қадірлі жеңге-келіндерімізді, сыйлы құрбыларымызды, ерке сұлуларды, қылықты аруларды құттықтай отыра, жан арайын төккен нәзік жанды, қайсар рухты ару-аналардың шығармаларын өздеріңізге тарту етеміз. Қабыл алыңыздар! Оқитындарыңыз – ақын Перизат Құрманәлінің «Махаббат моншағы – жанарым» өлеңі.

***

Жүзімде бейнесі Мона Лизаның,

Күн ғашық кірпігіме ризамын.

Оймақтай Ай-өрнек ерніме,

Қонғандай шуағы мизамның.

         Махаббат моншағы – жанарым,

         Жарқырап жүзіңе қарадым.

         Ғазиз сезімнен бір белгі,

         Сақтадым жүректе, бағалым.

Нұрына сәуленің айналдым,

Санаңа күн мейлі, ай бардым.

Күн болдым көрмекке күн сайын,

Түн болдым, ғарыштан, айданмын.

Саған деген махаббатымнан айналдым,

Саған деген сезіміме қайранмын!

Перизат ҚҰРМАНӘЛІ,

ақын.

Пікір үстеу