
Павлодарда ақын, этнограф. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның Жастар Одағы сыйлығының және халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегмановтың «Ол көктем оралмайды» атты ән-жыр кеші өтеді.
– Кеште өлең оқылып, әсем әндер шырқалып, көңілдегі сұрақтар мен жауаптар айтылып, оқырмандармен сырласып, жылы кездесу болады деп ойлаймын. Менің сөзіме жазылған жүзден астам әннің сегізі іріктеліп, Павлодар облыстық филармониясының әншілері орындайды, – дейді ақын.
Сол жүзден астам әннің көпшілігі тыңдарман жүрегіне жеткен әндер. Олардың қатарында – ақынның сөзіне жазылған Арман Бексұлтанның «Ол көктем оралмайды», «Бала кез», «Қазағым», Гауһар Әлімбекованың «Қош, махаббат!», «Көктемге хат», Қалдыбек Құрманәлінің «Алматым – әнім, тағдырым» сынды әндер аталған кеште шырқалады. Әндерді өңірімізге белгілі әншілер Серік Рысбек, Бауыржан Ахметов, Жібек Айтбаева, Наурыз Көшен, Айгүл Жұмағұлова, Шолпан Ақылбек, Жанерке Маукенова орындайды.
Қадірлі оқырман, баршаңызды оралмайтын сол көктемде қалған сезім жаңғыратын кешке шақырамыз!
Өтетін күні, уақыты: 15 желтоқсан, сағат 15:00-де;
Өтетін орыны: «Шаңырақ» орталығының концерт залы, Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 48
