2025 жылғы 11 шілде  сағат 11.00-де ақын, журналист, қоғам қайраткері, ағартушы Сәдуақас Шормановтың 175 жылдық мерейтойы аясында жарық көрген «Сәдуақас Шорманов» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтеді.

Қазақ әдебиеті мен тарихының өткен екі ғасыры жүзінде ізі қалған белгілі тұлғалардың бірі – Сәдуақас Шорманов. Заманында Баянауыл төңірегіне ғана емес, қазақ даласының түкпір-түкпіріне аты жеткен Шормановтар әулетінен шыққан Сәдуақас Мұсаұлының туғанына 175 жыл толып отыр.

Аталған туындыға Сәдуақас Шормановтың Санк-Петербург қаласы, Салтыков-Щедрин атындағы (қазіргі Ұлттық кітапхана) кітапханада сақталған «Басшы» қолжазбасы мен 1909 жылы Қазан қаласында жарық көрген «Аушы» еңбегі еніп отыр. Одан бөлекқоғамдық қызметі, ұлт мүддесі жолындағы күресі, ағартушылық еңбектері мен публицистикалық мұрасы жан-жақты зерттеліп, қамтылған. Кітап жас зерттеушілер мен оқырмандарға тарихи тұлғаның өмір жолын жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді.

Іс-шараны Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі ұйымдастырады.

Добавить комментарий