Торайғыров университеті Журналистика факультетінің 2-курс студенті, ақын Дәурен Бақытқажыұлы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанды.
Ақын 1989 жылы 10 сәуірде ҚХР, Тарбағатай аймағы Толы ауданының Акбелдеу ауылы Жамбылқора қыстағында дүниеге келген. 2019 жылы Қазакстанға қоныс аударып келді. өлеңдері «Қарағайбастау», «Қарағайбастау сазгерлері», «Азаттығым – ғажап күнім», «Туған таудың бөлшегі» альманахтарына енген. Әр жылдары «Он сегіз», «Махаббат шыңы», «Арқандағы арғымақ» жыр жинақтары мен «Қытайдағы қазақ қаламгерлерінің қалжыңдары», «Қытайдағы танымал қазақ әндерінің тарихы», «Саңлақ» (Әлем қазақтарының үздік спортшылары) кітаптары жарық көрген.
2016 жылы Астана каласында өткен «Азаттығым – ғажап күнім» халыкаралык жыр мүшайрасында «Үздік қаламгер» болып марапатталған. 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған республикалық жыр мүшайрасында 1-орынға ие болды. 2022 жылы Таразда өткен «Қасиетті қазақ елі» халықаралық опера фестиваліне қатысып, өнер көрсетті.
Қазір ақын Торайғыров университетінің журналистика факултетінде оқиды.