Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы – өнім мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, басқару жүйелерін жетілдіру және отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін нығайту саласындағы жоғары жетістіктері үшін берілетін ең жоғары ұлттық марапат.
2026 жылы «Алтын сапа» сыйлығының 20 жылдық мерейтойы аталып өтеді. Осы жылдар ішінде сыйлық іскерлік кемелділіктің, жоғары өндірістік мәдениеттің, инновациялық дамудың және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің нышанына айналды.
Әрбір лауреаттың жетістігі – көпжылдық еңбектің, озық технологияларды енгізудің, бизнес-процестерді үздіксіз жетілдірудің және Қазақстан экономикасының дамуына қосқан елеулі үлесінің нәтижесі.
2026 жылғы 2 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді. Іс-шара барысында байқаудың мерейтойлық жылы қорытындыланып, еліміздің үздік кәсіпорындарының атаулары жарияланады.
«Алтын сапа» – сапа мен кемелдік жолындағы 20 жыл.
Жылдың басты іскерлік оқиғасын өткізіп алмаңыз!
