БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

Қадірлі әдебиет сүйер қауым, құрметті әріптестер!

Баянауыл аудандық әкімдігінің қолдауымен және облыстық тарихи-танымдық, әдеби-көркем «Ақбеттау» журналының ұйымдастыруымен қуғын-сүргін құрбаны жазушы, сатирик, аудармашы, сазгер Қадыр Баспақұлы Тайшықовтың 125 жылдығына орай облыс қаламгерлерінің арасында сатиралық әңгімелерден байқау өтпек.

Байқаудың мақсаты:

1. Бүгінде ел жадынан өшіп бара жатқан қаламгердің есімін қайтадан жаңғыртып, шығармашылық кеңістігін (жазушылығын, ақындығын,  аудармашылығын, сазгерлігін) бүгінгі ұрпаққа танымал ету;

2. Сатира жанрында қалам тартып жүрген жергілікті қаламгерлерді рухани тұрғыдан қолдап, шығармашылығын насихаттау;

3. Мемлекеттік тілдің дәргейін көтеріп, жас буынның ана тілі мен ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын ояту;

4. Аймақтық әдебиеттің, оның ішінде кенжелеу қалып жүрген сатира жанрының деңгейін көтеру.

Байқаудың ережесі:

1. Облыс аумағында тұратын барлық қаламгерлер қатыса алады;

2. Қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;

3. Жолданған әңгімелер 14 кегльмен теріліп, аралық (интервалы 1,5), көлемі 4-5 беттен аспауы керек;

4. Қатысушылар бұрын жарияланбаған, кәсіби деңгейда жазылған екі әңгіме ұсына алады;

5. Мемлекеттік жүйені келекелеп немесе жеке адамдардың абыройына нұқсан келтіретін мәдениеті төмен, әдеби деңгейі талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды;

6. Байқауғы келіп түскен шығармаларға арнайы құрылған қазылар алқасы баға береді;

7. Жолданған шығармалар байқау жарияланған күннен бастап, 2025 жылдың шілде айының бірінші жұлдызына дейін қабылданады;

8. Жеңімпаз болған авторлар тамыз айындағы марапаттауға арнайы шақырылып, Баянауыл аудандық әкімдігі және «Ақбеттау» журналы тағайындаған қаржылай сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады.

Байқаудың жүлде қоры:

I орын (біреу) – 350 мың теңге;

II орын (біреу) – 250 мың теңге;

III орын (үшеу) – 100 мың теңгеден;

«Ақбеттау» журналының арнайы жүлдесі – 100 мың теңге.

Байқауға қатысатын шығармалар мына электорнды поштаға жіберілуі керек: skif_kaz@mail.ru7

Ұйымдастыру комитеті

Добавить комментарий