Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында өтеді.
Айта кетейік, 23 тамызда елімізде жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтті. Енді алғашқы сессияның шақырылуымен бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың парламенттік қызметі басталады.
Құрылтайдың алғашқы сессиясы – еліміздің жаңарған парламенттік жүйесіндегі маңызды тарихи кезең.

Добавить комментарий