Еламан ҚАБДІЛӘШІМ

Әдебиетте, өз басым, екі жас бар деп ойлаймын.
Біріншісі, Сұлтанмахмұттың жасы болса, екіншісі, Пушкиннің жасы.

Қос ақынның қос ұлт әдебиетінде ғана емес, адамзат үшін, тарих үшін орны ерекше. Сондықтан біздің алдымызға екі мүмкіндік беріліп тұрғандай сезіледі маған. Әуелгісі, 27 жасқа дейін ұлтыңның ұлылығына сай еңбек ету, яғни «отызда орда бұзу». Екіншісі – 37 жасқа дейін қазақтың құдіретін мойындату, қазақшаласақ, «қырықта қамал алу».

Пікір үстеу