Құрметті оқырман!
«Найзатас» журналының 2024 жылғы соңғы нөмірі жарық көрді.
Жылжабар нөмірде:
– Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Қимадиден Нығмановтың «Теңдік» атты деректі әңгімесі;
– Өлкетанушы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бейбіт Бөженнің «Қасқырдың Рахметі» деректі әңгімесі мен «Дайрабай сарт» мақаласы;
– Жерлес ақындар Ирина Червякованың, Сағила Өмірханованың және Костантин Луниннің өлеңдер топтамасы;
– Ақын Толқын Қабылшамен сыр-сұхбат және қаламгердің жаңа өлеңдері;
– М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ақын Бауыржан Мырзақұлдың «Бұқар жыраудың толық нұсқасы табылған бір жыры хақында» зерттеу мақаласы;
– Аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Рауза Мұсабаева тәржімалаған, неміс жазушысы Элеанора Хуммельдің «Берлин балықтары» романының соңғы бөлігі;
– Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Алпысбай Әбділұлының «Қанатты шаналар» атты журнал ішіндегі кітабы;
– «Egemen Qazaqstan» газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Мұрат Аяғановтың «Аңшылық өнердің ақиығы» мақаласы;
– Жазушы-драматург, әдебиеттанушы, сыншы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының, «Қыр баласы» қоғамдық қорының мүшесі Әлібек Байболдың «Мағжан Жұмабайдың әдеби мұрасы хақында», «Сейдәзім Қадырбай және Алаш» мақалалары;
– Журналист-тарихшы, ҚР Ақпарат саласының үздігі Мұратбек Кенемолдиннің «Шахан шері» мақаласы;
– Жас ақын-жазушылар Мейіржан Баршынбай, Досан Наурызбай, Жамбыл Абылқас, Есенкелді Жәнібек және Абзал Рымбектің өлең-әңгімелері;
– Қазақ халық ертегілері оқырман назарына ұсынылды.