Наталья Борисовская – Павел Васильев атындағы әдеби бірлестіктің мүшесі. Мамандығы бойынша – суретші-безендіруші, ағаш ою және инкрустация шебері. «Встречаю новый день» (2016) атты кітаптың авторы. Павлодар ақындарының сегіз ұжымдық өлең жинағының авторларының бірі. Өлеңдері «Кедр» және «Алтай изумрудный» журналдарында жарияланған.

Домбыра

Тыңдауға домбыра үнін ынтығып ем,

Жылайды әуен, біресе күледі күй.

Жарық пен жақсылыққа ұмтыл деген,

Жарқын саз шанағында жүреді ылғи.

Жас күйші жүректегі ой мен шерін,

Тебірене толғайды күй ғып тартып.

Туған жердің әуенін қанбай шөлім,

Шексіз тыңдай беремін иіліп, шалқып.

Табиғи сұлулықтың кенеп-көркін

Ғасырлар нұрлы жайда сақтайды саф.

Көзайым оған сен де, мен де еркін,

Дана Астана кірпігін қақпай бір сәт.

Дала желі бағады табындарды,

Ойна! Ән сал!

Халықтың жаны – домбыра.

Жылдардан жылға жетер әнің бар-ды,

Сен – ұлт жадын сақтаушысың, сал домбыра.

Аударған – Айбек Оралхан

 

 

Добавить комментарий