Бүгін, 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы ресми түрде күшіне енді.
Барша қазақстандықты осы тарихи оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа Конституция — ауқымды сараптамалық және қоғамдық жұмыстың нәтижесі.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл ұлттық мемлекеттік-құқықтық дәстүрдің үзілмегенін айғақтап, азаматтық бірегейліктің іргетасын нығайта түседі.
Жаңа Ата Заңымыз заң үстемдігі қағидаттарын бекітіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің құқықтық тетіктерін күшейтті. «Әділ Қазақстан» қағидаттары конституциялық мәртебеге ие болды. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктері едәуір кеңейтіліп, азаматтардың цифрлық құқықтары, сонымен қатар ұсталған сәттен бастап заң көмегін алу құқығы бекітілді.
Конституция Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшін саяси көзқарасына, әлеуметтік жағдайына, ұлтына және басқа да айырмашылықтарына қарамастан бірыңғай құқықтық кепілдіктерді нығайтады. Қоғам бірлігі, заңды сыйлау, мемлекет пен азаматтардың өзара жауапкершілігі — еліміздің орнықты дамуының басты шарты ретінде айқындалды.
Қазақстан Халық партиясы мемлекеттік органдарды, саяси партияларды, азаматтық қоғам институттарын және барша азаматтарды жаңа Конституцияның ережелерін дәйекті түрде жүзеге асыруға, сондай-ақ әрбір азаматтың және Қазақстанның болашақ ұрпағының игілігі үшін құқықтық мемлекетті нығайту жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.
