Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ БАҚ қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Олардың қатарында радио журналистика ардагері, қайраткер Ғалия Құсайынқызы Балтабай және Екібастұз қалалық “Отарқа” газетінің шеф-редакторы Жассерік Жәлелұлы Сәдуақасов бар.
Мемлекет басшысы салтанатты шарада сөз сөйлеп, «Бүгінгі журналистер ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек» дегенді айтты.
Сурет: akorda.kz
