Міржақып Дулатовтың туғанына – 140 жыл

Биыл – қазақтың ұлы тұлғасы, ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы, ақын, жазушы және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толып отыр. Ол өз халқын білімге, бірлікке шақырып, елдің оянуына үлкен еңбек сіңірді. Міржақып «Оян, қазақ!» атты кітабы және өзінің мәңгі өшпес өлеңдері арқылы қазақ жастарының рухын көтерген.
Осы атаулы жылда елімізде түрлі іс-шаралар өткізілуде. 2025 жылы Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған республикалық оқулар ұйымдастырылды. Бұл оқуларда оқушылар ұлт ұстазының еңбектерін зерделеп, өлеңдерін жатқа айтып, зерттеу жұмыстарын қорғады.
Міржақып Дулатов – бар қазақты оятқан, қазақтың тұңғыш романын жазған, халқы үшін қызмет еткен нағыз ұлт жанашыры. Ердің есінде түгіл, түсінде жоқ заманда есеп кітабын жазған Дулатов. Абақтыда жатып, күллі түркі баласына орысша сөздік жазған дәл сол Дулатов. Оның еңбектері мен армандары бүгінгі жастар үшін үлкен үлгі.
Міржақыптың қазаққа қылған қызметін ешқашан ешкімде ұмытпайды! Ол – ұлттың рухын көтерген, ел тарихында өшпес із қалдырған тұлға.
Әли ӘЛІБЕК,
«Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы.
