Д.Багаев музей-үйінде фотосуретші Жұмағали Сейтеновтың «Связанные одной нитью» атты фотокөрмесі ашылды. Көрмеге фотосуретшінің әртүрлі тақырыпта түсірілген жұмыстары қойылды. Жұмағали Сейтеновтың фотосуреттері өңірімізде әр жылдары өткен түрлі іс-шаралардың жарқын сәттерін таспалауымен ерекшеленеді. Оның объективіне ілінген жүзі жарқын, көңілі шат адамдардың фото-бейнесінен жылылық сезіліп тұрады. Оның кейіпкерлері – өмірге құштар жандар, айналасына қуаныш сыйлауға асығып тұратын, әрбір қас қағым сәттен жан ләззатын алуға тырысатын адамдар.

Оқырман назарына Жұмағали Сейтеновтың жұмыстарын ұсынамыз:

 

Добавить комментарий