Еламан ҚАБДІЛӘШІМ

Өткен жазда, 16-шілдеде, Павлодар қала күнін тойлады. Орталық жағалауда орнатылған «Ertis Promenade» сахнасында, қазақ эстрадасының жап-жарық жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті. Мен сол уақытта жағалауда отбасыммен серуендеп жүрген едім. Белгілі әншілер ән шырқап, көрермен қауым қошемет көрсетіп жатты.

Бір мезетте сахнаға жүргізушілер шықты:

«Көңіл-күйлеріңіз қалай?» – деді ер жүргізуші.

«Дауыстарыңыз естілмейді! – деді әйел жүргізуші. Дауыстарынан кім екендерін танығандаймын, көпке белгілі жүргізушілер Нұрсұлтан Құрман мен Әйгерім Мұздыбаева болды-ау деймін?!

Жиналған жұрттың дауысын шығару үшін, айқайлату үшін, жүргізушілер ескі амалға көшті.

– Мен, «Алға…» деп айқайлаймын, сіздер «Павлодар!» деп дауыс қосасыздар, – деді жүргізуші азамат. Оның сөзін жүргізуші ханым да қостады.

Содан кейін айқайлау басталды. Жүргізуші:

– Алға!

Халық:

– Павлодар!

Жүргізуші:

– Вперед!

Халық:

– Павлодар!

Біз бұлай орталық стадионда, «Ақсу» футбол клубы ойнағанда айқайлаушы едік!

Түсінбеймін, қыруар қаражат шығындап, аузынан шыққан әр сөзге ақша төлеп шақырған жүргізушілер, концерттің мәнін, мерекенің мазмұнын түсінбестен, аттандай бере ме?! Бұл – қала күніне арналған думан еді.

«Жайнай бер, Павлодар!»

«Құлпыра бер, сүйікті қалам!»

Қошеметшіл қауымның назарын бұрғызып, овация тудырам десе қолданатын сөздер жетіп артылады ғой.

«Алға, Павлодар!» – деп айқайлап, кімді басып озбақшы болды екен олар?!

Желге ұшқан есіл ақша!!!

Добавить комментарий