Алмаз ХАСЕНОВ

Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың «Нақылнама» кітабын ара-тұра қайталап оқып тұрамын. Кітап 2010 жылы Алматыдағы «Өнер» баспасынан басылып шыққан.

«Ақыл – ойдың желісі, Нақыл – сөздің жемісі», – дейтін Мұз-атаның нақылдары – біздің әрі семсеріміз, әрі қалқанымыз.

Аталған кітабында ақын қазақ мемлекетінде қаптаған аралас мектептерді сынайды. «Аралас мектеп анаңнан да адастырар», «Алашынан алыстағанның астынан су шығады» деген секілді нақылдардан ақынның аралас мектепке қарсылық білдіргенін көреміз және аңғарамыз.

Өмір бойы аралас мектепке қарсы болып, сынаған Мұзафар Әлімбаевтың есімі 2020 жылы Павлодар қаласындағы аралас мектепке берілді.

Парадокс деген – осы.


                            
                                    
	                    

Добавить комментарий