Pavlodar, KZ
Ясно

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Ертіс-Баян өңірінен шыққан тұлғалардың жеке домбырасы қойылған көрме ашылды.

Музейде Ұлттық домбыра күніне арналған  «Қасиетті домбыра» атты ән-күй, рухани-әдеби іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында музей қорындағы аспаптардан арнайы көрме ұйымдастырылып, әйгілі жерлестеріміз Мұзафар Әлімбаев, Кәукен Кенжетаев, Рахметхан Нұрбасаров, Мейрам Асылғазин, Нұтфолла Шәкенов, Зекебай Солтанбайұлының жеке домбыралары назарға ұсынылды.

Сондай-ақ кеште ҚР журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, ақын, күйші, сазгер Балтабай Сыздықов сөз сөйлеп, Мизан Жұмәлі Біржан салдың әні «Он саусақты» шырқап, Нұрман Сайлауов «Ерке сылқым» күйін тарту етті.

Добавить комментарий