Pavlodar, KZ
24°
Ясно

Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арналған «Ертіс-Баян» І республикалық театрлар фестиваліне дайындық барысы және «Шәмші» спектаклінің тұсаукесері туралы баспасөз конференциясы өтті.


Павлодарда 20-25 қыркүйек күндері қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына арналған «Ертіс-Баян» І республикалық театрлар фестивалі өтеді. Фестивальді Павлодар облысының әкімдігінің қолдауымен Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры ұйымдастырады.
– Фестивальдің басты мақсаты – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығын мерекелеп, оның есімін және шығармашылығын ұлықтауға бағытталған. Ауқымды, мән-маңызы зор фестиваль аясында мұнайлы өлкеге еліміздің танымал театр тарландары келіп өнер көрсетеді. Республика бойынша фестивальге қатысуға өтініш беріп жатқан театрлар саны күннен-күнге артып келеді. Республика бойынша ғана емес, Италия елінен хабарласып жатқандар бар. Өтініш қабылданып болған соң театрлар іріктеліп, фестивальге тек 10 театр қатыса алады, – деп атап өтті. Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының директоры Арман Темірбек.


Конференцияда Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен сыр шертетін спектакльдің премьерасы 28-29 мамыр күндері болатыны айтыла кетті.
Спектакльдің режиссерлері – Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының басшы орынбасары Нұркен Тұрлыбек және Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының көркемдік жетекшісі Әділет Ақанов.
Басты рөлді Шәмші Қалдаяқовтың рөлін ҚР мәдениет қайраткері, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының актері Бейбіт Шәнім сомдайды.

Әйгерім СОЛТАН.

Добавить комментарий