Pavlodar, KZ
10°
Mostly Cloudy

Өткен сенбі-жексенбі күндері Моңғолияның Қобда аймағы әкімшілігі мен Моңғолия Айтыскерлер одағының ұйымдастыруымен «Қойнауы құтты Қобда» халықаралық айтысы өтті.

Аламан айтысқа Моңғолия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерінен 24 ақын қатысты. Сөз сайысында Қазақстан Республикасының намысын қорғап барған ақындардың қатарында павлодарлық үш ақын өнер көрсетті.

Ақындар 4 айналымда бақ сынады. Ақтық мәреге екі жерлесіміз – Май ауданының ақыны Ерлан Аманқожа мен баянауылдық Нұрқанат Қайрат шықты. Нәтижесінде Ерлан 1-орынды, Нұрқанат 2-орынды еншіледі. Ал, ақтоғайлық ақын Рауан Қайдар үшінші орынға ие болды.

Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Пікір үстеу