Әйгілі жерлесіміз, қазақ киносының атасы – Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай облысымыздың қалалары мен аудандарында режиссер фильмдерін тегін көрсету жалғасуда.

Шара Ш.Аймановтың туған күні бастау алып, наурыз айының басына дейін жалғаспақ.

Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасы мұрындық болуда.

Басқарманың бөлім басшысы Әсел Ақсақованың айтуынша, «Қазақфильм» АҚ науқанды қолдап «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Алдар көсе», «Жамбыл» т.б. танымал туындылардың цифрландырылған нұсқасын ұсынған екен.

Фильмдер LED-экраны бар мәдениет мекемелерінде тегін көрсетілуде. Мәселен, тұрғындар облыс орталығында Қ.Әбусейітов атындағы МСО, Павлодарское, Кенжекөл және Атамекен ауыл-кенттерінің Мәдениет Үйлерінде тамашалай алады.

Игілікті істен Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі мен Естай атындағы ҚМС да тыс қалмаған. Көрмелер мен кинолекторий ұйымдастырып өткізуде.

Пікір үстеу