
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының 2026 жылғы 31 тамыздағы Жарлығында:
«Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», – делінген.
Тиісті құжатқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Жарлық 2026 жылғы 31 тамызда Астанада қабылданды.
