
Ерте, ерте, ертеде, Екібастұз атты бір патша болыпты. Басқа патшалардың қызығатыны – жері көмірге бай еді. Патшаның екі баласы бар екен. Үлкенінің аты – «Батыр Көмір» , ал кенже баласының аты – «Шығыс» кеніші екен. «Батыр Көмір» өте сымбатты, ақылды, әрі батыр, ақ көңілді бала болып өседі. Көп жылдар бойы «Батыр Көмір» қаншама көмір өндіріп, елге көп пайда алып келеді. Ханның екінші баласы «Шығыс» кеніші ашуланып, Батыр Көмірге қаншама айла ойлап таппақшы болады. Бұл ұрыс-керіс бірнеше уақытқа созылады. Қанша тырысқанымен, «Батыр Көмірді» жеңе алмағандықтан, «Шығыс» кеніші бір сиқыршының көмегіне жүгінеді. Сиқыршы оған сиқырлы көмір береді. Сол көмірдің арқысында «Шығыс» кенішінің жағдайы жақсарып, «Батыр Көмірдің» жолы болмайды. Бұны көріп, сезген патша екі баласын да жинап:
– Менің сендерге айтарым ақылым бар, жеріміз көмірге бай, екі бірдей табыс таба алатын жерлерің бар. Енді, қалайша, тіпті бірігіп жұмыс атқармасаңдар да, бір-біріне кедергі жасамай, жерімізге тек табыс алып келмеске? Ешқандай айласыз, ұрыссыз, екеуің де менің балаларымсыңдар гой. Бұл түрлеріңмен, жеріміздің дамуына кедергі жасап, артқа қарай тартып жатырсыңдар. Бұлай жасауға болмайды, кеш болмай тұрғанда ойланғандарың жөн, – дейді патша.
Екі баласы ақтала алмай, үндемей көп ойланды.
Бір кезде, екінші баласы:
– Иә, әке, сіздің айтқаныңыз жөн. Біздің бұл қылығымыз дұрыс болмады.
– Мен де келісемін. Жеріміз көмірге бай, адамдарымыз да жеткілікті. Екі тәуелсіз кеніш болайық, – дейді бірінші баласы.
Бұл оқиғадан кейін, «Батыр Көмір» және «Шығыс» кеніші бірге жұмыс атқарып Екібастұз қаласына бірге көптеген табыс алып келе бастады.
Бекжан БЕГЕНДІК,
оқушы.
«Ертiс-Баян ертегiлерi» кітабынан.
