Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, төкпе ақын, композитор Иса Байзақовтың туғанына 125 жыл толуына арналған конференция өтті.

Аталған жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Ертіс ауданының әкімі Нығман Мүтәләпұлы, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы Бауыржан Жақып және зерттеуші-ғалымдар, университет профессорлары қатысты.

Ұлт руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген ақын мұрасын дәріптеуге бағытталған конференцияда Мәлік Нұржанұлы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, Иса Байзақовтың немересі Құралай Байзақоваға табыстады. Нығман Мүтәләпұлы елдің ыстық ықыласын білдіріп, ақын немерелеріне құрмет көрсетті.

Кеш модераторы Бауыржан Жақып қаламгер жайында тың деректер келтіріп, баяндама оқып, Жазушылар одағы атынан сый-сыяпатын ұсынды.

Шара барысында Иса Байзақовтың «Поэмы» (орыс тілінде), М.Байзақованың «Порыв вдохновенный», «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген «Иса Байзақов» кітаптары таныстырылды.

Добавить комментарий