V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ат жарыстары аяқталды.
Ең әйелі ұшқыр бәйгенің тұлпарлары жарыс жолына шықты. Бұл жарыс түрінде үш қашықтықта да (1600 м, 2400 м, 3200 м) ел намысын қорғаған сәйгүліктер мәреге бірінші болып жетті.
Құнан бәйгеде – «Қамысқұлақ», Топ бәйгеде – «Холибой» атты тұлпарлар жеңімпаз атанды. Екеуі де Қазақстан сәйгүліктері.
Ал, Жорға жарысында қырғызстандық «Чиксон Лок» атты тұлпар бірінші келді.
Аламан бәйге тартысты өтті. Жарыс жолына 27 тұлпар шығып, соңғы айналымда 7 ат қана қалды. Мәреге бірінші болып қазақстандық «Айқабақ» жетті. Шабандозы – Аңсар Арыстанбек, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай.