V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кезекті жарыс күнінде Астанадағы «Алау» спорт кешенінде өзбектің кураш жарысы өтті. Павлодар облысының намысын Алтынай Нұрханова лайықты қорғап шықты.

57 келіде күрескен палуан қыз ширек финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері түрікмен палуаны Гүлшат Аннаеваны тізе бүктірді. Алайда жартылай финалда Алтынай Нұрханова үндістандық спортшыдан жеңіліп, нәтижесінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қоласына ие болды.

Сонымен қатар, павлодарлық асық атушылар Жомарт Нұрланов пен Керім Жаздықбай жарыс жолын жалғастыруда. Финалға шығу матчы ертең өтеді.

Ертең оваристер де тартысқа түседі. Африка халықтарының зияткерлік ойынында павлодарлық Серік Ақтаев пен Ернұр Мерешовке сенім мол.

Добавить комментарий