ҚР Туризм және спорт минситрлігі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бүгін бақ сынайтын Қазақстан командаларының жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

9 қыркүйек көкпардан 9 мемлекеттің спортшылары өзара мықтыны анықтайды. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы қатысады.

Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия. Жарыс «Қазанат» ипподромында өтеді.

Жарыс «Қазанат» ипподромында өтеді.

Сонымен қатар, «Арғымақ» ат-спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан жарыс басталады. 33 мемлекеттен 183 спортшы бақ сынайды.

Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы қатысады.

Осы күні Астана қаласында ипподром маңындағы этноауылда аударыспақ өтеді.

Аударыспақтан Көшпенділер ойындарына 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей.

Финалдық ойындар 11 қыркүйекте өтеді.

Добавить комментарий