Жұлдыз біткен түн сайын көз жасымды жинайды

Ақ арманның барлығы бұлт үстінде аунайды,
Періштелер сол бұлттан, бәлкім, арман аулайды.
Пешенеге жазылмаған кездесуді күтетін,
Біздің тағдыр Ай мен Күннің тағдырынан аумайды.

Сезіміңді өлтіреді жүрегіңде құр қайғы,
Мұңлықтардың бар мұңын тек Тәңірі тыңдайды.
Тағдырына көңіл толмай жүргендердің наласы,
Бақытсыздау көбелектің көз жасына тұрмайды.

Жұлдыз біткен түн сайын көз жасымды жинайды,
Жанымды тек жалғыз нәрсе азаптайды, қинайды,
Менің мына жанарыма сыйған өлең неліктен,
Кеудеңдегі соғып тұрған жүрегіңе сыймайды?!

Сол себепті сезім мүлде айтылмаған біз жайлы,
Өткен күнге өкінішің өз ішіңде сыздайды.
Сені ойлап атырмадым таңды да,
Бәлкім содан жазылмаған ешбір өлең сен жайлы.

Раушан АМАНГЕЛДІ,

жас ақын.

Добавить комментарий