Бүгін – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық театрының Павлодардағы гастрольдік сапарының екінші күні. Бұл күнде павлодарлық көрермендер Сәбит Мұқановтың әйгілі романы бойынша қойылған «Мөлдір махаббат» драмасына куә болды.

Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романы – Кеңес үкіметінің қылышынан қан тамып тұрған кезеңде Бүркіт пен Бәтес есімді екі жастың арасындағы кіршіксіз сезімді арқау еткен туынды. Роман алғаш рет 1935 жылы «Адасқандар» деген атаумен жарық көрген. 1959 жылы жазушының өзгерту-толықтыруымен «Мөлдір махаббат» деген атпен оқырманға қайта жол тартты.
Романдағы Бүркіт пен Бәтес арасындағы мөлдір махаббат «Сүйген жар» бөлімінде баяндалады. Кітап бетінде оқырманды қызықтырып, баураған екі жастың арасындағы махаббат оқиғасы сахнаға шығып, көрерменнің де ықыласына бөленді.

Қойылым режиссері – Әубәкір Рахимов.

Драманың басты кейіпкерлері – Бүркіттің бейнесін Қуаныш Бейсеғалиев, Бәтестің бейнесін Әсел Сайлауова сомдады.

Оқырман назарына қойылымнан фоторепортаж ұсынамыз:

Фоторепортажды М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының

баспасөз қызметі ұсынған суреттер негізінде әзірлеген Еламан ҚАБДІЛӘШІМ.

Добавить комментарий