Pavlodar, KZ
27°
Ясно

М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының Павлодар облысындағы гастрольдік сапары аяқталды. Өнер ұжымының павлодарлық көрерменге, сапар аясында жасаған соңғы тартуы – жазушы Дулат Исабековтың «Жүз жылдық махаббат» драмасы. Режиссері – Алма Кәкішева.
Қойылым ақын Мағжан Жұмабаевтың тартысты тағдырынан сыр шертеді.
Қойылымда Мағжан рөлін Алмас Шаяхметов, Зылиха бейнесін Дәрия Жүсіп сомдады. Сонымен бірге, Мадина (Ажарлым Бақытжанова), Валерий Брюсов (Жанат Тыныбаев), Надзиратель (Шерхан Пірназар), Тергеушілер (Әділет Базарбай, Дарын Шыныбек), Кәжен (Әлсейіт Есбатыров), Гүлсім (Мадина Келгенбай), Әнші (Әсел Сайлауова) образдары да көрерменге шынайылығымен әсер етті.

Гастрольдік сапардың жабылу салтанатында Павлодар облысының мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың құттықтау хатыпэн табыстады.
Театр басшысы Еркін Жуасбек Павлодар жұртшылығына алғыс айтты.

Оқырман назарына драмадан фоторепортаж ұсынамыз.

Добавить комментарий