Бір өлең – бір әлем

Тауларды сонша сағынады адам,

Аласарғанда көңілі.

Қуанышта да жабығады адам,

Болмаса таудай серігі.

 

Болған-ды ерлер бір өзі – бір ел,

Даладай байтақ кеңдігі.

Өзімен бірақ бірге өмір сүрер,

Оның да сондай шер-мұңы.

 

Дирмен-дәуір өткенде жаншып,

Ұсақталмаған ірілік!

Жүректі салқын жалындай шарпып,

Келмейді ә көрден тіріліп!

 

Қылдан да нәзік көңілдің жібін,

Қиын сәттерде үзбеген.

Жазбай танитын жаныңның мұңын,

Жалғыз-ақ адам іздегем.

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ.

Добавить комментарий