Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Cover karaoke PVL-2» халықтық байқауын өткізетінін хабарлайды.

Байқауға 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады. «Cover karaoke PVL» 1-ші халық байқауы финалының жеңімпаздары «Cover karaoke PVL-2» байқауына қатыса алмайды.

Іріктеу кезеңдері: 2024 жылғы 29 маусым, 2024 жылғы 6 шілде күндері сағат 11.00-де, Астана көшесі, 156, «Колос» БМОСО

Байқаудың финалы: 2024 жылғы 13 шілде күні, сағат 11.00-де, Астана көшесі, 156, «Колос» БМОСО

Байқаудың Ұйымдастыру комитеті іріктеу кезеңдерінің нәтижелері бойынша 10 (он) финалистті анықтайды.

Финалда байқаудың әрбір қатысушысы оның пікірінше, өзі орындаған ең жақсы әнді дайындайды (Қатысушы реквизиттерді, қолдау тобын және т.б. пайдалануға құқылы). Бұл ретте байқауға Қатысушының іріктеу кезеңінде және финалда орындаған әні қайталанбауы тиіс.

Байқаудың финалында қатысушылардың өнер көрсету тәртібін конкурсты ұйымдастыру комитеті финалдық турдың басында жеребе тарту арқылы анықтайды.

Байқаудың қатысушыларында жарамды жеке куәлігі болуы қажет. Байқауға кәсіби орындаушылар (жеке орындаушылар, топ мүшелері), кірістері гастрольдік немесе концерттік қызметтен түсетін вокал оқытушылары мен орындаушылары болып табылатын тұлғалар мен қатар «Cover karaoke PVL» атты 1-ші байқаудың финалының жеңімпаздары қатыса алмайды.

Байқауға қатысушыларға арнайы музыкалық каталогқа енгізілген әндерді ғана орындауға рұқсат етіледі. Орындаушылардың өздерінің аудио медиасын пайдалануына рұқсат етілмейді. Құрамында әдепсіз сөздер бар әндерді орындауға тыйым салынады.

Байқау жеңімпаздары алғыс хаттармен марапатталады және «Ertis Promenade» концерттік алаңында өтетін Қала күніне арналған концертке қатысу құқығына ие болады.

Өтініштер қабылдау бойынша:

– 2024 жылғы 29.06 күні өтетін іріктеу турына қатысу үшін 2024 жылғы 27.06 күні сағат 18.00-ге дейін;

– 2024 жылғы 06.07 күні өтетін іріктеу турына қатысу үшін 2024 жылғы 04.07 күні сағат 18.00-ге дейін, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 156 мекенжайы бойынша және электронды нұсқамада e-mail: kolos_pvl@mail.kz бойынша қабылданады.

Байланыс телефоны: 61-82-10

Добавить комментарий