Танымал саяхатшы және марафоншы Сәрсенбай Қотырашов шамамен 3000 шақырымды құрайтын үлкен жаяу сапарға аттанады. Ол 2 тамыз күні Өскемен қаласынан шығып, күніне орташа есеппен 40 шақырым жүруді жоспарлап отыр. Саяхатшы өзінің үш айға созылатын сапарын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайтынын жеткізді.

Саяхатшының бұл бастамасын қолдау шарасы «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі мен  5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясымен бірлесе ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы Басшысының кеңесшісі Мәди Манатбек өз тілегін жеткізіп, Сәрсенбай Оспанұлының миссиясын сәтті орындап, елге аман-есен оралуын тіледі.

«Сәрсенбай Оспанұлын саяхатшы деп танысақ, бүгін ол кісінің көшпелі жұрттың өмір-салтын терең зерттеген тарихшы-ғалым екеніне көзіміз жетті. Көшпенділер отаны – қазақ елі екенін сапар жасаған жерінің барлығында айтып, тарихи тізбегінжалғастырып келе жатқанына тәнті болдық. Осы арқылы ол Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынындарын барынша насихаттаймындеп отыр. Сәрсенбай ақсақалдың сапары сәтті болсындейміз!», – деді ол.

«Мен өзімнің жаяу саяхатымды алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнаймын. Бізкөшпенділердің ұрпағымыз және олардың бай мәдениеті мен мұраларын әлемге танытқым келеді. Мен Алтай және Моңғолия арқылы Қытайға дейінжетуді жоспарлап отырмын», – деді С.Қотырашов сапарға аттанар алдында.

Сапары барысында Сәрсенбай Оспанұлы көшпенді халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерімен танысып, өз әсерлерімен және жаңалықтарымен әлеуметтік желілер мен медиа арқылы көпшілікпен бөлісуды жоспарлап отыр. Оның экспедициясы Орталық Азия көшпенді халықтарының бай тарихы мен мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған.

Сәрсенбай Қотырашов – марафоншы, саяхатшы, шабыттандырушы тұлға. 2022 жылы ол 72 жасындаеліміздің 17 облысын 6 айда 8000 км жолды жаяу жүріп өткені үшін Қазақстанда танымал бола бастады. 2023 жылы Атырау қаласынан Ыстамбұл қаласына дейінжаяу 3000 км қашықтықты бағындырды.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Онда барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Добавить комментарий