Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде суретші Александр Колодинның жеке көрмесі ашылды. Бұл – қылқалам шеберінің 7-жеке көрмесі.

Бұл көрме – ретроспективті сипатқа ие. Автордың соңғы 30 жылдағы жұмысын көрсететін көрме суретшінің шығармашылық шешімдерінің кең ауқымын танытады. Экспозицияда әр жылдары орындалған кескіндеме, графика және цифрлық коллаждары ұсынылған. Көрмене 77 туынды ұсынылды. Әр шығармада автордың ерекше көңіл-күйі мен философиялық ойлары бар.

Олардың қатарында «Уақыт өзені» (2025), «Киклоптар» (2025), «Там-там» (2025), «Сібірдегі керік» (2024), «Аспан гүлдері» (2017), «Қарсыласу» (2000), «Желмен белбеуленген» (1999), «Су перісі» (1998), «Менің механикалық балығым» (1995), «Қарға» (1995),  «Жаратылыс» (1996), «Ұмытудың тікенді тәжі» (1996) картиналарын көруге болады.

Колодин Александр Иванович – суретші, режиссёр, педагог, Еуразия Суретшілер одағының мүшесі. Ол 1947 жылы дүниеге келген. Кәсіби білімін Челябі мемлекеттік мәдениет институтында (1978) театр режиссері, суретші сценограф мамандығы бойынша меңгерді.

Көрме 18 сәуірге дейін жұмыс істейді.

Добавить комментарий