Pavlodar, KZ
10°
Ясно

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада халықаралық «Қазақ тілі» коғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өтті. Шараға бірлестік президенті Рауан Кенжеханұлы арнайы қатысып, қоғамдық бірлестік өкілдеріне облыстық филиалдың төрағасы Асылбек Туғанбайұлын таныстырып, мемлекеттік тілдің өңірімізде кеңінен колданылу бағытындағы жұмысына сәттілік тіледі.

  • Бұл жұмысты қазақ тілі – ана тіліміз болғаннан кейін, тілімізге жанымыз ашығаннан кейін қолға алып отырмын. Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас дегендей сіздердің, барша азаматтардың қолдауымен қолымыздан келгенше жақсы-жақсы нәтижеге жетеміз деп ойлаймын. Тіліміздің мәртебесінің артуына, осы өңірде өзіндік орнын алуына барлығымыз атсалысып, бірге жұмыс жасайтын боламыз, – деді Асылбек Туғанбайұлы.

Асылбек Туғанбайұлы 1981 жылы дүниеге келген. Негізгі мамандығы қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Көп жыл кәсіпкер болып келеді. Қазіргі уақытта облыстық мәслихаттың депутаты.

Халықаралық «Қазақ тілі» ҚБ президенті Рауан Кенжеханұлы дүние жүзіндегі 6 мың тілдің ішінде 100 тіл ғана мемлекеттік тіл мәртебесіне ие екенін атап өтті.

  • Осының өзі мерейімізді үстем етеді. Тәуелсіздігіміздің бір белгісі осы мемлекеттік тіліміз. Соның өзі тіліміздің басқа көп тілдердің арасынан өзінше бөлек, ерекшелігін көрсетеді. Түркі тілдерінің арасында мейлінше зерттелген, жүйеленген, ережесі, әдістемесі ілгері осы қазақ тілі. Үлкен қауқары бар тіл. Тіліміз жасай берсін. Осы тілге жанашыр ортаның күшімен көркейіп, алға баса берсін, – деді Рауан Кенжеханұлы.

Сонымен катар, кездесу барысында өңіріміздегі тіл саясатының жүзеге асырылуы, атқарылған шаралар туралы сөз қозғалып, қала, аудандардағы филиал өкілдері жұмыс барысында туындаған мәселелерді ортаға салды.

Кездесуге қала, аудандардағы мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен филиал өкілдері қатысты.

Добавить комментарий