ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша жоғары оқу орындары ұлттық рейтингінің нәтижелері белгілі болды.

Қазақстанда IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR) он алтыншы жыл қатарынан өткізіліп келеді. Оқу орын рейтингін есептеу бес көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Атап айтсақ, академиялық ресурстар сапасы, сараптамалық бағалау, жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдарды бағалау, сондай-ақ университеттің студенттері мен түлектері арасындағы беделі сараланады.

Осы жылы сауалнамаға 962 жұмыс беруші, 267 сарапшы, 19270 студент пен 3941 түлек қатысты.

2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша рейтингке алты бағыт бойынша 51 ЖОО қатысты. Оның ішінде көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-техникалық, педагогикалық, медициналық және өнер оқу орындары бар.

Нәтижесінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы бірінші орынды иеленді. Консерватория екінші жыл қатарынан өнер және мәдениет бағытында білім беретін жоғары оқу орындары арасында «IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR) – 2023» халықаралық рейтингінде үздік атанды.

Добавить комментарий