Түркістан облысы әкімінің қолдауымен, облыстық Мәдениет басқармасы және облыстық Бейнелеу өнері музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркістан қаласының ерекше мәртебеге ие болуына орай «TURKISTAN STYLE» Халықаралық суретшілер симпозиумы өтті.

Халықаралық симпозиумға 8 мемлекеттен 28 халықаралық дәрежедегі Халық суретшілері, Еңбек сіңірген қайраткерлер, ҚР Мәдениет қайраткерлері, ҚР Көркем академиясының академиктері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері мен профессорлар қатысты.

Симпозиюмда Үндістаннан – Рам Виранжан, Белорусиядан – Инна Болунд, Әзірбайжаннан – Агаев Жалал, Түркиядан – Недрет Ахмет, Қырғызстаннан – Шыгаев Юристанбек, Төрөбеков Сүйітбек, Өзбекстаннан – Құдайберганов Рустам, Ресей Федерациясынан – Баймуханов Геймран, Блиок Андрей және Қазақстанның Астана, Алматы, Павлодар, Тараз, Түркістан, Шымкент қалаларынан белгілі суретшілер 120 данадан аса кескіндемелік жұмыс жазды. Олардың қатарында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінің басшысы Ақертіс Солтанбаев және Қазақстан Суретшілер одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Өсербай Шоранов болды.


Қорытындысында «TURKISTAN STYLE» халықаралық суретшілер симпозиумының шығармаларынан жасақталған қорытынды көрме халық назарына ұсынылды.

Добавить комментарий