Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 80 жыл
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қорында бірегей кітап топтамасы бар. Бұл – соғыс жылдарында жарық көрген кітаптар. Олар сирек кітаптар залында сақталған.
Кітаптар топтамасы 1941 жылдың маусымынан бастап, 1945 жылдың мамырына дейінгі аралықтағы Ұлы Отан соғысының барлық кезеңін қамтиды. Жинаққа көркем әдеби шығармалар, әскери-патриоттық басылымдардан бастап ғылыми әдебиетке дейін әртүрлі тақырыптағы басылымдар кіреді.
Соғыс жылдарында кітаптар шағын өлшемді, сарғыш тартқан, арзан қағаздан, қарапайым безендіріліп, жұмсақ мұқабада шығарылған. Бірақ көптеген ғылыми томдардан гөрі осындай қарапайым басылымдардан соғыс жылдары және адамдар жайлы маңызды мәліметтер алуға болады. Кітаптарда біздің қалай жеңіске жеткенімізді, елдің рухани өмірін, мәдениеттің дамуын, кітаптардың басылып шығарылуын айқын көруге болады. Кітап тылда да, майданда да, басып алынған жерде де жеңіске жетуге, сарбаздарды жігерлендірген.
Соғыс жылдарында барлығы 170 млн данаға жуық шығармалар шығарылды. Сақталған кітаптар қазір библиографиялық сирек кездесетін кітаптар болып табылады.
Бүгін біз соғыс жылдары білім мен мәдениеттің аман қалуына қамқорлық көрсеткен адамдардың күш-жігерінің арқасында сақталған және бізге жеткен мұраны мақтанышпен және жауапкершілікпен сақтауды жалғастырып келеміз. Облыстық кітапхананың қорында түрлі тақырыптағы 80-ге жуық басылым сақталған. Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында кітаптар көпшілік назарына ұсынылады.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана.