Бүгін облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығында «Айтыстың алтын ғасыры» атты республикалық ретро-айтыс өтті.

Талай жұртты тамсандырған, сан қауымды сағындырған сөз сайысына елімізге белгілі ақындар – Айтақын Бұлғақов, Серік Құсанбаев, Құдайберлі Мырзабек, Серік Қалиев, Жұмкен Сейітов, Бейсенбі Мұқажан, Алтынгүл Қасымбекова, Серік Ыдырысов сияқты айтыс өнерінің марқасқалары қатысты. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған дүбірлі додаға халықаралық «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының» Павлодар облыстық филиалы мұрындық болды.

Сөз барымтасын айтыскер ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев жүргізді. Бұрын-соңды болмаған думан сөз құдіретін танытып, өлең қасиетін асқақтата түсті.

Добавить комментарий