Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі барлық санаттағы азаматтар үшін қазақ тілін тегін оқыту курстарын ұйымдастыруда.

Курстар 1 қазанда басталады және 3 айға жалғасады. Сабақтар аптасына 2 рет тұрғындарға ыңғайлы уақытта өтеді.

Оқу барысында оқу құралдары, «Ана тілі» мобильді қосымшасы тегін беріледі.

  • Курс интерактивті тапсырмалар, тесттер, бағалау және тексеру элементтерін ескере отырып, жаңа технологияларды қолдану арқылы қызықты болмақ, – деді ұйымдастырушылар.

Курсқа 65-23-63, 8705 866 64 79 (WhatsApp нөмірі) телефондары бойынша немесе otdkultpvl@yandex.kz электрондық поштасы арқылы жазылуға болады.

Поштаға немеса WhatsApp нөміріне өз аты-жөнін, WhatsApp байланыс нөмірін және жұмыс орнын көрсету қажет (қалауы бойынша).

Добавить комментарий