Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ольга Григорьева Пушкин медалімен марапатталды. Бұл мемлекеттік марапат оған ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін жақындастыру мен өзара байытуға қосқан зор үлесі, отандық әдебиет пен өнерді шетелде танымал етудегі белсенді қызметі үшін берілді. Айтулы сыйды павлодарлық ақын Ресей Федерациясының Бас консулы Алан Хетагуровтың қолынан алды. Марапаттау рәсімі Новосибирск облысының еліміздегі мәдениет күндері аясында өтті.

Ольга Григорьева марапатты қабылдап, әріптестері мен жерлестеріне алғысын білдірді.

– Осы сыйымыз – біздің тату мұражай қызметкерлерінің және Цветаева іс-шараларымызға келетін барлық павлодарлықтардың еңбегі. Марапаттау рәсімінің Новосибирск облысының мәдениет күндерінің ашылу күніне орай өткеніне екі есе қуанамын, өйткені Новосібірде туып, 14 жасқа дейін сонда тұрдым– деп атап өтті ақын.

Одан кейін Ольга Григорьева мұражай қорындағы Анастасия Цветаеваның бұрын жарияланбаған бірегей материалдары бар жаңа кітабын консулға сыйға тартты.

Добавить комментарий