Pavlodar, KZ
Дымка

Шаһардағы «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының «Дос» филиалында енді балалар ұлттық спорт, қолөнер, ән мен күй үйренетін болады.

Павлодар қаласындағы Катаев көшесі, 97 мекенжайында орналасқан «Дос» клубы жаңа бағытта жұмыс жасай бастады.

– Бұл жерде «Асыл мұра» атты ұлттық калорит орталығын ашып жатырмыз. Орталықта балалар қазақи қолөнер үйренеді. Қазақша көйлек, құрақ көрпе тігіп, бұйымдар жасайды. Ұлттық спорттан асық ату, қазақша күрес, садақ атуды үйренеді. Сондай-ақ қазақ әндері мен домбыра үйірмелері ашылуда. «Дос» филалының бағыты бұрын басқа болатын. Ағылшын, спорт, би үйірмелері жүргізілетін, – деді «Жігер» клубының басшысы Гүлнәр Дүйсенбаева.

Аталған орталыққа 5-18 жас аралығындағы қаланың кез келген баласы келіп, үйірмелерге қатыса алады.

Айта кетейік, бұл қаладағы ұлттық бағыттағы үйірмелер топтастырылған алғашқы орталық. «Жігер» клубының басқа да филиалдарында ұлттық қолөнер мен спортқа баулитын үйірмелер бар. Ол үйірмелерге 2 мыңнан астам бала қатысады.

Оразбек САЯХАТ

Добавить комментарий