Pavlodar, KZ
Ясно

Сондай-ақ Ертіс-Баян өңірінен шыққан белгілі тұлғаларға 100 Құран хатым етіледі. Алдағы шара жайлы Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы айтып берді.

  • Жарыстан бұрын 13 қыркүйек күні жұма намазында Мәшһүр Жүсіп мешітінде Ертіс-Баян өңірінен шыққан ғалымдар, әулиелерге, билерге, батырларға, жалпы аруақтарға арнап 100 Құран хатым аударылып, бағышталады. Оны еліміздің Бас мүфтиі хазірет Наурызбай қажы Тағанұлы бағыштайды, – деді Жолдас Қоспақұлы.

Ал, 14-15 қыркүйек күндері Мәшһүр Жүсіп мешітінде 13-ші республикалық Құран байқауы өтеді.

Оған республиканың түкпір-түкпірінен 80 қари қатысады. Байқау 4 номинация бойынша болады: 30 пара, 20 пара, 10 пара және Құранды мәнерлеп оқу.

2 күн ішінде ең мықты қари анықталып, 30 пара номинациясы бойынша үздік деп танылған, Құранды толық жаттаған қатысушы Автокөлікке ие болады.

Бұл байқау республика бойынша жыл сайын өтеді. Байқауға келіп көруге, тамашалауға болады.

Добавить комментарий