Павлодарда Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің директоры, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, қаламы қарымды жазушы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ербол Мәтіұлы Қайыровтың қос кітабының тұсаукесері өтті.

«Ел тарихы – қазына» кітабында фольклор жинақталған. Ербол Мәтіұлы ұзақ жылдар ел ішінде сары майдай сақталып, халықтың жадында жаңғырған асыл мұралар мен жәдігерлерді жинақтап, фольклорлық мұраларымызды тірілтуде аянбай еңбек етіп келеді.

«Шаһидолла шапағаты» кітабы – діни қайраткер Сейілдә (Шаһидолла) Түйтебекұлының ғұмыры жайында. Кітапқа Шаһидолла хазірет жайлы ешқайда жарияланбаған мәліметтер, естеліктер енген.

Елуге толған жазушы «Ғайып ғұмыр», «Сағым жылдар», «Ой, сезім», «Сарыарқаның дүлділі», «Қосымның тағдыры», «Сыр сандық» атты кітаптардың авторы. Сондай-ақ еңбектері республикалық «Қазақтың билері», «Қазақтың батырлары» атты бірнеше сериямен шыққан кітаптарға енген.

Сонымен қатар, Ербол Қайыров Тереңкөл ауданының тарихы турасында Сейілдә қажы Түйтебекұлы, батырлар Есенқұл, Қошман Темірбекұлы, Ілияс қажы Жанқараұлы және Железин ауданында Дербісәлі батыр Бабайұлының жатқан жерін анықтап, белгі қойғызып, ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді жинақтап, зерттеп жазған.

Добавить комментарий