
Белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Ақбеттау» журналының бас редакторы Сайлау Байбосынның «Есімдері жүрсін деп ел есінде…» атты зерттеу кітабы жарық көрді. Бұл кітапта есімдері ел жадынан өшіп кеткен тарихи тұлғалар жайлы деректер топтастырылған. Атап айтқанда:
- «Бұқар жырау мен башқұрттық Байық шешенінің айтысы» (Бұқар жырау – Қаржас-Алтынторы атасынан);
- «Етегіне ел сыйған Едіге би» (Едіге би – Айдабол-Жанғозы атасынан);
- «Торайғыр би қайда жерленген?» (Торайғыр би – Жанғозы атасынан);
- «Көтеш ақынның тегін дұрыс жазайық!» (Күлік – Сексен атасынан);
- «Жанақ әулие Жаңабатырұлы» (Күлік – Шобалай атасынан);
- «Қайратын ақылымен тең ұстаған» (Қаржас – Сатылған атасынан);
- «Тарихи тұлғаларды талапайға салмайық» (Бәсентиін-Ақмайдан атасынан);
- «Көпшілік Көпей сопыны біле ме екен?» (Күлік – Тілеуімбет атасынан);
- «Хамбо Ламаға таңдай қаққандар, Мәшһүр Жүсіптің жұмбағын неге білмейді?» (Будда дінінің басшысы Хамбо Лама Итигелов пен Мәшһүр жайлы);
- Мәшһүр Жүсіп пен Тоқан (Тоқмағамбет) хазірет (Тоқан хазірет – Ереймендегі Қанжығалы-Есіргеп атасынан, елдің пірі болған кісі);
- «Өтеміс абыз жайлы не білеміз» (Күлік – Тілеуімбет атасынан);
- «Әулиелер әулеті» (Лекер әулие ұрпағы Исабай қажы, Айтмағамбет диуана. Ақбура – Шәуке атасынан);
- «Әбжалап әулие – Жұматай Тышқанбайұлы» (Қаржас-Жәдігер);
- «Амалдық сопы Мағамбайұлы» (Күлік – Шобай атасынан);
- «Ақшаның ақтаңгері ер Бақтыбай» (Қаржас – Ақша атасынан);
- «Торсықбай болыс Қосақұлы» (Күлік – Шобалай атасынан);
- «Қозғаннан шыққан Қопа шешен», (Қозған атасынан);
- «Омар дәрігер Тайтекеұлы» (Құлбоды-Тұлпар атасынан);
- «Сәрсенбай мерген» (Құлболды-Майлытон атасынан);
- «Түйтені біле жүрсін кейінгі ұрпақ» (Қозған-Тәңірберді-Ораз атасынан);
- «Бізге жұмбақ әлемнің елшісі – Әліпбайдың дуанасы» (Қозған ішінде – Сары Қозған атасынан);
- «Жарылғапбердінің де жағасына қол салдық немесе «Шама» кімнің әні?» (Қаржас-Сатылған-Мәмбет атасынан);
- «Бекше шешен Жәнібекұлы» (Қанжығалы-Өтеміс атасынан);
- «Дәрібай ақын Баяндыұлы» (Айдабол-Тайкелтір атасынан);
- «Қазақта Қырықбайдай әнші болған» (Құлболды-Ақбура атасынан);
- «Аласапыранған ұрынған әулет» (Кәркей қажы Атажанұлы жайлы, Қозған атасынан);
- «Шұғай халфе Кенебайұлы» (Қаржас-Жаулыбай ішінде өскен қожалар әулетінен);
- «Әріден қалған бір әңгіме» (Ақкөл – Баяндағы Қанжығалы Құдияр ұрпақтары жайлы);
- «Жүнісбек Жолдинов жайлы сөз» (Қаржас-Жәдігер атасынан);
- «Алаштың Аймауытовын іздейтін кім бар?» (Күлік-Бейбіт атасынан);
- «Қайраңға ұрынған қайық» (Күлік-Бейбіт атасынан);
33.«Бола алмай кеткен боздақтың бірі еді» (Күлік-Бейбіт атасынан);
- «Алаштың бір ардағы Ахметолла» (Құлболды-Тұлпар атасынан);
- «Рақымжан Жаманқұловты білеміз бе?» (Қазақ көркем әдебиет баспасының тұңғыш директоры болған, репрессия құрбаны Р. Жаманқұлов жайлы. Айдабол-Ыстықмұрт атасынан);
- «Күленовтер әулетін білсін халық» (Репрессия құрбандары ағалы-інілі Сәлемхат, Айнамхат Күленовтер және олардың ұрпақтары жайлы. Құлболды-Ақбура атасынан);
- «Мағжан мен Мандельштам» (Амантай Сатаевтан аударма. А.Сатаев – Қанжығалы-Киікбай атасынан. Мағжан – Жетімомын-Атығай атасынан);
- «Үлебай сал мен Мариям Жагорқызы» (Үлебай сал Әнетұлы – Қуандық-Тінәлі атасынан);
- «Есте жүрсін есімі жақсылардың» (Мұстафа болыс – ағашаяқ Мұстафа) және оның баласы Шәйі шебер жайлы. Қозған-Тоқтас батыр-Есенқұл атасынан);
- «Белгісіз батыр немесе әділетсіздікке ұрынған қазақ» (Кеңес Одағының батырлығына ұсынылған Сәбит Ахметбеков жайлы, Қозған-Ораз атасынан, Бекше батыр ұрпағы);
- «Мұқағалидың ауылдастары» (Мұқағали ақынның ауылдастары айтқан естелік. Мұқағали – Ұлы жүздің Албан руының Алжан атасынан);
- Сағынай асы. Қусақ көлі. Құлагердің мерт болуы.
