Қызылорда қаласында «Терме тәрбие жыр рух» атты республикалық жыршылар байқауы өтті. Байқау мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов құрастырған «Терме» жинағының жарық көргеніне 100 жыл және Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуұлы тәржімалаған «Шахнама» эпопеясының жарық көргеніне 90 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Ұлттық өнер додасына еліміздің әр өңірінен 30 жыршы қатысты. Байқау қорытындысында «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығына қарасты «Майра» мектебінің жетекшісі, жыршы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Салтанат Қисатова ІІ орынды еншіледі.

Добавить комментарий