Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында «Бір досың керек екен… » комедиясының премьерасы өтті.
Қойылымның авторы – театр режиссері, драматург, сценарист Георгий Хугаев.
Қойылымның режиссері – Жангелді Садықов.
Тұсауы кесілген қойылымда жек көрсе де жауға бермес, өкпелесе де өлімге қимас, жақтырмаса да жарға итермес екі дос, әрі көршілер Андро мен Сандро туралы баяндалады.
Бас кейіпкерлер – Андроны Дәурен Әбіл, Сандроны Бейбіт Шәнім сомдады.
Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек.