Майқайың балалар өнер мектебіннің ұйымдастыруымен «Кенші» мәдениет үйінде Ертіс-Баян өңірінің ақындар мектебінің өкілдері – айтыскер ақын, сазгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, облыстық «Желдірме» ақындар мектебінің ұстазы Асығат Тұрғанбек және айтыскер ақын, жыршы-термеші, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін медалінің иегері, білім магістір, Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Таңат Ахатовпен сыр-сұхбат кездесу кеші өтті.

Кездесу кештің мақсаты – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын қолдау, Абай Құнанбайұлының 180 және Жаяу Мұса Байжанұлының 190 жылдық мерейтойын ұлықтау, ақындық өнер мен айтыс дәстүрін дәріптеу, ақын ұстаздардың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас буынды өнерге баулу.

Кеш шымылдығын өнер мектебінің домбыра сынбының оқушысы Ясын Марғұлан (жетекшісі – ардагер ұстаз Нұрғали Рахымғали Ниязбекұлы),  Құрманғазының «Қызылқайың» күйімен түрді. «Ақындардың қадірлі ұстаздары» атты сыр-сұхбатты Майқайың өнер мектебі ақындар сынбының ұстазы Жеңісбек Пәзілұлы  жүргізіп отырды. «Айтыс қазақ халықымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан, өзге елдерде сирек кездесетін поэзияның аса бір асыл да ұшқыр жаныры», – деп бастаған жүргізуші  кешке жиналған ұстаздарға, оқушыларға,  көрермендерге  қонақтарды таныстырып сұхбатқа көшті. Сұхбат барысында «Айтыстан асыл, өткір өнер бар ма?  Қазіргі таңда Ертіс-Баян өңірі ақындар мектебінің тарихта белгілі ірі өкілдерін қай ақындардан бері қарай шежірелеп жүрміз? Ақын, жырау, жыршы деген кім?  Өлең, поэзия деген не?  Жазба өлең мен айтыс өлеңнің айырмашылығы? Ақындық өнердің ұрпақ тәрбиесі тұрғыдан алатын орны? Жас талаптың бойындағы ақындық талапты қалай танып, қалай дамытуға болады?» қатарлы ауқымды сұрақтарды ақындық өнердің қыры мен сырын жақсы білетін айтыскер ұстаздарға қойды. Ақындар кеңінен тарқатып, тұщымды жауаптармен бөлісті.

Сұхбат арасында Майқайың өнер мектебінің ақындар сыныбының оқушылары Ержан Нұрай мен Ерзат Бақберді қыз бен жігіт айтысының әзіл-қалжың түрін көрсетті.  Ақындар сынбының шәкірті Мейірбек Санжар, Мұқағали Мақатевтың «Өлең керек» өлеңін оқыса, Ержан Нұрай өз өлеңі «Ұстаз», Ерболат Ринат «Қазақтың ақсисасы», Төлебек Толқын «Қазақтың көкаршыны» жырларын мәнерлеп оқыды. Өздерінің балалық, оқушы кезеңдерінде алғаш саханаға шыққан сәттері көз алдына оралғандай болған қос ұстаз, жас шәкірттерге риза болып, ақ тілектері мен баталарын берді.

Асығат ұстаз «Сен мінгізген ақ пырақ» кітабынан өлеңдер оқып, Абайдың сөзіне жазылған, Зекебай Солтанбаевтың «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» әнін әуелетсе, Таңат ұстаз «Жасыбай толқындар» кітабынан өлең оқып, З.Солтанбай абыздан үйренген Кенен Әзірбаевтың «Танисың» термесін шырқап берді.

Баянауылдың алақандай Егіндібұлақ ауылында туып өскен екі ұстаздаың да көзін ашып, жақсының алдын көрген, тәлім алып, бой түзеген ұстазы абыз, ақын ақсақалымыз марқұм Зекебай Солтанбаевтан мөл өнеге, қазына алғандарын кеш барысында әңгімелеп отырды. Бұл күнде өзі жоқ болсада, көзін көрген тәлімі мен тәрбиесін алып,  ақындық, абыздық мектебінен сусындаған ұстаздардың айтары айшықты, берері бедерлі болғаны соншалық, залдағы көркрмендер бір жарым сағат бойы тапжылмастан тыңдады.

Кездесуміздің сірге жияры ретінде  сөз алған ардагер ұстаз Алжанов Жақсыжан Алжанұлы ақсақал «Екі ақынның шығармашылық жолы алты алашқа ортақ мақтаныш екенін жеткізіп, келешек жастарымыздың құлақтарына құйып аларлық тағылымды кездесу болғанын», – жеткізді.

Кеш соңынла сөз алған Майқайың өнер мектебінің басшысының міндетін атқарушы күйші Акимжанов Алем Кенжебайұлы қадірлі қонақтарға алғысын білдіріп, жас ұрпаққа үлкен өнеге боларлық кездесу болғанын айтып, Баянауыл ауданы білім бөлімнің алғас хатын табыстап, иықтарына шапан жапты.

Кеш шымылдығын Ұлттық жастар Дельфий ойындарының облыстық жүлдегері, «Отаннің әні» республикалық байқауының жеңімпазы, «Қазақ радиосының» әншуақ бағдарламасының қастысушысы вакал сынбының оқушысы Ержанқыз Зәулім (жетекшісі – Каримов Исламбек Айдынұлы) «Сарыжайлау»әнімен жапты.

Қорыта келгенде айтыс өнеріне өзіндік өрнек салған, аудан, облыс, респуликалық айтыстарда елдің жыр намысын қорғап, оза шауып бәйге алған, осы салаға еңбектері сіңген күміс көмеей, жезтаңдай ақын ұстаздарымыз кеш барысында арқа-жарқа ой бөлісті. Бір бастарында бірнеше өнер тоғысқан, атақ-абройлары жалпақ елге мәлім, тәрбиелеген шәкірттері ел мерейін асқақтатып елдің мақтанышына айналған қадірлі қос ұстаздың өңірдің ақындық мектебіне сіңірген еңбегі зор! Жас ұрпаққа үлгі етерлік қос азаматтың берегенінен берері көп екенін байқадық!

Добавить комментарий