«Алғашқы асу».

Осындай атаумен белгілі қаламгер, Ертіс-Павлодар өңірінің Құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ұлғатты ұстаз болған Зекебай Солтанбайұлының жаңа жинағы жарық көрді.

Жаңа кітаптың таныстырылымы С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана төрінде ұйымдастырылып, оған қаламдастары, жалпы  зиялы қауым өкілдері мен студенттер, кітапханалар жүйесінің қызметкерлері, Баянауыл атырабынан арнайы келген әріптестері мен шәкірттері, туған-туыстары қатысты.

Зекебай Солтанбайұлының жаңа жинағына әр жылдардың бедері мен тұлғалары суреттелетін естеліктер, қанатты да айшықты сөздер, танымдық өрені өрістетуге сеп болар жазбалар топтастырылған.

«Алғашқы асудың» жарыққа шығуына ұйытқы болған – қаламгердің ұрпақтары, соның ішінде Жұматбек Зекебайұлы.

Добавить комментарий